📌 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының МКҚК «Кентау көпсалалы колледжінде» 15-қараша күні «Жұмыс берушілер күніне» арналған іс-шара есебі

🔸️ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» өтті. Шараны өткізу мақсаты - кадрларды даярлау сапасын жақсарту, кәсіпорындар мен колледж арасында тиімді қарым-қатынасты орнату.
Қатысушылар өкілдер:
- қамқорлық алған кәсіпорын;
- Атамекен өңірлік палата өкілдері;
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отырған кәсіпорындар;
- жергілікті атқарушы органдар;
🔹️Кентау көпсалалы колледжі базасында өткізілген «Жұмыс берушілер күніне» қатысқан кәсіпорын башыларым ен өкілдері:
1. ТОО «Gaz kubiri» 2050 – Директоры: Сабыров Жандос Бекмаханович.
2. ТОО «Ақ Жол» - Директоры: Атаев Сабиржан Каримович
3. ИП «Қаныбекова» - Басшысы: Баимбетов Олжас Нұрғазыұлы
4. ТОО "Best tower building"-Директоры: Пернебеков Абдуманап Абдуразахұлы
5. АО «Трансформатор зауыты» Энергомеханикалық бөлім басшысы -Кушербай Аман Қадырханулы
6. ЖШС " Электрозавод" Техниқалық директоры: Нуримбетов Талгат Калиевич
7. ЖШС "Оңтүстік Жарық Транзит" Инжинер по метрологии Кентауские Электрические Сети : Айымбетов Нурхан Нурманович
8. АО " KEGOK" Кентауские территориальные электрические сети Ведущий инженер филиала ЮМЭ: Ергашов Мурат Гаппарович
9. ИП «Кулданов» Басшысы- Кулданов Болат Абдуразакович
10. МКК "Кентаусервис" мекеме басшысы: Төлеу Әшірхан Жолдасбаевич
11. «АҚ ЖОЛ» ЖШС-і құрылыс алаңының басшысы: Ибадуллаев Хандамир Ташпулатович
12. ЖШС " ОҢТҮСТІК АЙМАҚ ГАЗ" директоры : Абдуманап Бекболат Амантайұлы
13. ЖШС " ГАЗ ҚҰБЫРЫ 2050" компаниясының инженері: Шағырбаева Фатима Жолдасқызы
14. ЖШС «НОМАН» Жер асты газ құбырларын полиэтиленмен жабдықтау директоры Сайдуалиев Даулет Амангельдиевич
15. ЖШС «Құмкөл сервис» инженер- конструктор: Ибрагимов Ергали Абдиевич
16. ЖСШ «Seсur» басшысы-Ташимов Алмас Туреханович
17. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Әскенбай Дамира
18. Түркістан облысы Кәсіпкерлік палатасы Кентау филиалының директоры Садуов Мұрат Нұралыұлы.
қатысты.
🔸️Іс-шара бағдарламасы бойынша «Жұмыс беруші күні» іс-шарасының бағдарламасы аясында төмендегі шаралар өткізілді:
- Жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы өткізілді
- Көрме ұйыдастырылды;
- WorldSkills чемпионатына дайындық жұмыстарымен таныстырылып «Инженерлік CAD», «Сырлау және әрлеу», «Визуальды мерчендайзинг және витринистика», «Шанақ жұмыстары» жұмыстары бойынша Республикалық чемпионатқа дайындық алаңшаларындағы қатысушылардың жұмыстарымен таныстырылды .
- Зертханалар, шеберханалардың және пластик жасау цехы жұмыстарымен таныстырылып көрсетілді.
- Колледж базасында «Жас маман» жобасы бойынша алыңған құрал-жабдықтармен табыс көзін ұйымдастыру жұмыстары бойынша ИП «Қаныбекова» кәсіпорнымен бірігіп колледж шеберханасында «Ағаш есіктер, темір есіктер» шығарылу жұмыстарымен таныстырылды.
- «Жас маман» жобасы бойынша «Энергетика және құрылыс» ресурстық құзыреттілік орталығы салтанатты түрде ашылды.
- Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен ынтымақтастық орнату бойынша жасалынып қол қойылған келісім шарттардың шеңберінде екі тараптың жауапкершіліктерің ұлғайтылуы туралы келіссөздер талқыланды.
- Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары жасалынды.
- Жұмыс беруші серіктес мекемелермен бірлесе отырып, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы келісімшарттармен ұсыныстарға бірқатар өзгеріс еңгізу керектігі айтылды(тәжірибе өту кезінде қосымша ақы төлеу, жол шығынын жабу т.б.)
- Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Әскенбай Дамира мен түлектерді жұмысқа алу жолдары мен туындайтын кедергілерді шешу жолдары туралы талқыланып бос жұмыс орындары болған жағдайда болашақ мамандарды колледж қабырғасында таңдау қажеттігі туралы айтты.
#Оқуағартуминистрлігі