
«Worldskills Abilympics Turkistan – 2024»
🔹 Бүгін 13.05.2024 жылы Кентау қаласында «Кентау көпсалалы колледжінің» базасында Түркістан облысында колледж студенттерінің арасында жыл сайын өтетін «Worldskills Abilympics Turkistan – 2024» жарыстары басталды.
Чемпионаттың басталуына арналған салтанатты жиында колледж директоры Г.А.Шаймерденова, облыстың білімді дамыту орталығының маманы О.У. Сұлтанбеков қатысушыларды құттықтап, жарыстарды ашық деп жариялады.
🔸 Чемпионат мақсаты, жастардың кәсіби шеберліктерін арттыру, орындау дағдыларының деңгейін және жұмысшы мамандығының маңызын жоғарылату.
🔹 Колледж базасында сегіз құзыреттілік бойынша жарыстар өтеді.
🔸Кентау көпсалалы колледжі базасында өтетін чемпионатқа облыстың техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 8-құзыреттілік бойынша бас сарапшылары, сарапшылары және қатысушылары жиналды. Ол құзыреттіліктер:
1. Визуалды мерчендайзинг және витринистика
2. Кескіндеме және сәндік жұмыстары
3. Сантехника және жылыту
4. Плитка жапсыру
5. Кірпіш қалау
6. Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары
7. Электромонтажды жұмыс
8. Өндірістік автоматика
🔹Жалпы WordSkills Turkіstan-2024» облыстық чемпионатына МКҚК «Кентау көпсалалы колледжінен» 20 – құзыреттілік бойынша қатысуда. Барлық чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз.
#ккк
#кмк