
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 130 жылдығына орай, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында, «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» тақырыбында облыстық ашық сабақ байқауы өтті.
Байқауды «Түркістан облысының Білім басқармасы», «Білім беруді дамыту орталығы» және «Кентау гуманитарлық - техникалық колледжі» ұйымдастырды. Байқау 2023 жылдың 22-желтоқсан күні Кентау қаласында өтті. Байқауға Түркістан облысы бойынша 22 колледж педагогтары қатысты.Байқау нәтижесінде Кентау көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кожакова Гүлмира Сейсенбайқызы 1-орынға ие болды.
#Оқуағартуминистрлігі


#Оқуағартуминистрлігі

