⚜♦️⚜Біздің керемет ұстаздарымыз білімдерін жетілдіруден жалыққан емес

Әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарттар аясында МКҚК «Кентау көпсалалы колледжінің» арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және білім алушылары 31 қазан- 4қараша аралығында Алматы облысы Қонаев қаласында орналасқан «Knauf Қапчагай» компаниясының өндірістік базасында «Құрғақ құрылыс» құзыреттілігі бойынша, «Knauf құрғақ қоспаларын, цемент негізіндегі, сондай-ақ дайын полимер негізіндегі композицияларды қолдану арқылы интерьерді безендіру», «Knauf қаңқалы-қаптамалары мен плиталық материалдарын қолдану арқылы интерьерді безендіру (қалқалар, аспалы төбелер, қабырғаларды қаптау, алдын ала дайындалған еден негіздері)» тақырыбында теориялық және тәжірибелік тағылымдамадан өтті. Қосымша қазақ және орыс тілінде құрылыс саласы бойынша оқулықтармен колледж кітапханасының қоры толықтырылды.

♦️Кнауф компаниясына және оның басшысы Олег Сотниковаға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта талай белестерді бірге бағындыратынымызға сенім білдіреміз!!!
#Оқуағартуминистрлігі