♦️Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "17 қараша - Халықаралық студенттер" күніне орай колледждер арасында "Екі жұлдыз" байқауы өткізілді. Байқауға жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Бекбулатованың жетекшілігімен колледжімізден екі жұп қатысып, Бертай Артықбай мен Шәріпбекова Інжу жүлделі ІІ орынға ие болса, Арыпхан Қуаныш пен Қойшыбай Ақниет "Ең әдемі үйлесімді жұп" номинациясына ие болды.
Байқауға қатысқан студенттер Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталынды.
Өнерлі жастарымыздың өнері өрге жүзсін!
Жеңіс құтты болсын!
#байқау
#Оқуағартуминистрлігі