ЕРІКТІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Кентау көпсалалы колледжі жанынан құрылған «Мейірім» ерікті жастар клубының мүшелері ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын талқыға салды. Мемлекеттік жастар саясатындағы волонтерлық бағыттағы шараларды жүзеге асырмақ. Колледж жастары «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра» және «Қамқор» секілді 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізуді қолға алып отыр. Бос уақыттарын қоғам игілігіне арнаған еріктілерге сәттілік тілейміз.
#Оқуағартуминистрлігі