Хабарландыру

Түркістан облысы білім басқармасы «Кентау көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024-2025 оқу жылына Жастар жөніндегі инспектор лауазымына 2024 жылдың 02 – 12 қыркүйек аралығында бос жұмыс орнын жариялайды: Жүктемесі: 1 штат бірлік. Жұмыс мерзімі: тұрақты
Үміткерлер құжаттарын е-mail: kmkkentau@mail.ru поштасына жолдаулары қажет.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мекен-жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Төле-би 72.
Байланыс нөмірі: 8 (725 36) 3-24-01, 8 (775) 593 83 40
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жолғары білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
3 х 4 сурет – 2 дана;
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

Наркологиялық ұйымнан анықтама;
Психдиспансерден анықтама;
Соттылығы болмаған жөнінде анықтама
Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа кері қайтару үшін негіз болып табылады.
Жұмысқа орналасатын кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Лауазымдық міндеті: басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісілген оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады;
білім беру ұйымдарының барлық алқалық органдарының жұмысына қатысады.
жастардың қызметіне қатысты мәселелерді қарайды, студенттік бірлестіктердің баяндамаларын, есептерін тыңдайды;
мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;
студенттердің мүдделерін қозғайтын білім беру ұйымдарының ережелерін, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;
студенттердің тұрмысы мен демалысын ұйымдастыруға қатысады;
студенттердің мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге қатысады;;
студенттердің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысады;
білім беру ұйымының жастар ісі және қоғамдық өмір комитетінің қызметіне белсенді қатысатын студенттерді оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
студенттердің ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен үй-жайларын пайдалану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
білім беру ұйымының басшылығына студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
оқудан тыс іс-шараларды жоспарлауға, дайындауға, өткізуге және талдауға тікелей қатысады;
білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізеді;
жастар ісі жөніндегі комитетке оқуға түсетін студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды;
студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
студенттердің демалуына жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;
ТжКБ ұйымдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар мен мекемелер басшыларының алдында студенттердің мүдделерін білдіреді және қорғайды;
студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамытуға ықпал етеді;
жастардың волонтерлік қызметін дамытуды үйлестіреді;
білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымындағы педагог-шебер үшін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысу үшін құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күн ішінде жүргізіледі.