Кентау көпсалалы колледжінде «Достық клубы» жетекшісі Б.Ш.Ермекбаеваның ұйымдастыруымен «Ел достығы – ұлт достығы» тақырыбында мәдени іс-шарасы өтілді.

Кентау көпсалалы колледжінде «Достық клубы» жетекшісі Б.Ш.Ермекбаеваның ұйымдастыруымен «Ел достығы – ұлт достығы» тақырыбында мәдени іс-шарасы өтілді. Іс-шараның мақсаты:
1. Білім алушыларға мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан Республикасы алтын бесік екенін ұғындыру.
2. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Білім алушыларды ынтымақтастыққа, достыққа, бірлікке, өз елін, жерін сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға Кентау қаласы мәдениет үйінің өнерпаздары Б.Ибадулла және С.Ешманова қонаққа келіп, білім алушыларға өз лебіздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынтбасары А.Е.Тоева - Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет – ғұрпын, дәстүр – тарихын, тілін қастерлеп бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту деп, жастарды білімге, татулыққа, бірлікке шақырды. Іс-шарада колледж білім алушылары әр ұлт өкілдерінің өнерін, тағамдарын, салт-дәстүрін таныстырды.
## ККК#ДОСТЫҚ КЛУБЫ#ТӘРБИЕ#ККК##Оқуағартуминистрлігі