
24-25 маусым күндері Кентау көпсалалы колледжі
07320100 - Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығы бойынша СЭЗиС-21-2 тобының бітіруші студенттері Worldskills талаптарын сәйкес демонстрациялық емтихандар өткізілді. Бітіруші студенттер "Кескіндеме және сәндік жұмыстар" құзіреттілігі бойынша 4 модульден тұратын емтихан тапсырып,өз білімдерін дәлелдеді.
Құзірет бойынша сарапшылар тағайындалып бағалау жүргізілді.
Комиссия мүшелері :
ЖШС “Сәулет және қала құрылысы “ инжинер-
Е.Байзаков.
“Мемқалақұрылыскадастры” РМК-нің Түркістандағы кәсіпорын бас маманы- М.Юсупов.
ЖШС “Astana Construction Building”бас маман - Ш. Адамбек.
Студенттерге арнайы пән оқытушысы Г.Кадирбаева техникалық қауіпсіздік ережесін және арнайы пән оқытушылары тапсырманы қалай орындау керек екенін таныстырып өтті. Білім алушылардың жұмыстарын комиссия төрағасы бағалау критерийлері бойынша бағалайды.
1. Модуль - тест тапсыру;
2. Модуль - қатты фреска;
3. Модуль - жылдамдыққа фреска;
4. Модуль - кірпіштің фактурасын қайталау.
CIS бағалау жүйесін қолдана отырып бітірушілерге “SkillsPasport” дайындалып дипломдарына қосымша беріледі.