25 қазан – Республика күніне орай Кентау көпсалалы колледжінің студенттері кітапханамен танысты. Колледждің педагог-ұйымдастырушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруындағы шара барысында болашақ бастауыш сынып оқытушылары Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысы және кітап қорымен таныстырылды. Сонымен қатар, студенттерді кітап оқуға шақырып, болашақта ұстаздық еткен кезде оқушыларды кітап оқуға қалай баулу керектігі туралы насихатталды. Себебі, бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан- жақты қызмет көрсететін кітапхана студенттерге ұнағанын жеткізді. #Оқуағартуминистрлігі