КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАСТАРЫ КӨКТӨБЕДЕ КӨК ТУДЫ ЖЕЛБІРЕТТІ

25 қазан - Республика күніне орай Кентау қаласының жастары айбынды Көктуымызды желбіретіп, Әнұранды орындады. Мерекелік шара тұрғындардың ерекше санайтын орны «Көктөбе» демалыс аймағында өткізілді. Сондай-ақ шарада әскери ойындар көрсетіп, қалалық каратэ-до шотоканның жас спортшылары патриоттық әнге өз шеберліктерін көрсетті.
Кентау көпсалалы колледжінің педагог ұйымдастырушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруымен қатысқан студент жастар бүгінгі мерекенің маңыздылығын сезініп қана қоймай, елдің болашағы жас ұрпақ екенін түсініп, елге деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншіліктері арта түскенін қуанышпен жеткізді. Жастарды жақсылыққа жетелейтін мұндай игі істер жалғаса бермек.
#Оқуағартуминистрлігі