25 қазан - Республика күніне орай Кентау көпсалалы колледжі жастарының қатысуымен «Патриотизм дауысы» тақырыбында Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындау шарасы өтті.
Колледждің педагог ұйымдастырушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруындағы патриоттық іс-шараның мақсаты – білім алушыларды өз Отанын сүюге,
Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу болып табылады. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында жастарға жүргізілген насихат жұмыстарына колледж ұстаздары да қатысты.#Оқуағартуминистрлігі