📌МКҚК КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» өтеді.
🔸️Шараны өткізу мақсаты - кадрларды даярлау сапасын жақсарту, кәсіпорындар мен колледж арасында тиімді қарым-қатынасты орнату.
🔹️Қатысушы өкілдер:
- қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
- Атамекен өңірлік палата өкілдері;
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
- жергілікті атқарушы органдар;
🔸️ «Жұмыс беруші күні» іс-шарасының бағдарламасы аясында төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (көрме, WorldSkills чемпионатына дайындық жұмыстарымен таныстыру, зертханалар,шеберханалар, колледж базасында «Жас маман» жобасы бойынша алынған құрал-жабдықтармен табыс көзін ұйымдастыру жұмыстарымен таныстыру, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықты ашу);
- Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен ынтымақтастық орнату;
- Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік Кұқықтық актілерді түсіндіру;
- Жұмыс беруші серіктес мекемелермен бірлесе отырып, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы келісімшарттармен ұсыныстарды талқылау;
- Түлектерді жұмысқа алу жолдары мен туындайтын кедергілерді шешу жолдарын талқылау;
- Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;
#Оқуағартуминистрлігі
#Жұмысберушікүні
#Кентаукөпсалалыколледжі