
Кентау көпсалалы колледжінің әдіскері С.Нурманова мен педагог-психолог М.Нурпейсованың ұйымдастыруымен "Педагогикалық әдеп, мұғалімнің этикасы және мәдениеті" тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте педагогтың мәдени, этикалық және эстетикалық құндылықтары талқыланды. Колледж оқытушылары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
#Оқуағартуминистрлігі

