Сәт сапар жас түлек!

Қызығы мен қиыны қатар жүретін студенттік шақтағы тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары жаз. Ал бітіруші түлектер үшін бұл маңызды кезең. Себебі олар енді қолына диплом алып, жас маман атанып жатыр.
Кентау көпсалалы колледжі – облыстағы техникалық және гуманитарлық мамандарды дайындайтын жетекші білім ордасы. Колледж түлектері өздерінің кәсіптік білімдерін табысты іске асырып, еліміздің ірі мекемелерінде білім және ғылым салаларын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Енді міне, солардың қатарын биылғы бітіруші түлектер толтырмақ.
Шараға Кентау қалалсы әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, жастар ресурстық орталығы басшысы Сұлтан Бақытұлы, колледж басшылығы, ардагер ұстаздар, әлеуметтік серіктестер, колледж оқытушылар құрамы, ата-аналар мен бітіруші түлектер қатысты. Алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ақнұр Нүрәліқызы болашақ мамандарға сәттілік тілеп, білім алған колледждерін ұмытпай, тек биік белестерден көріне берулеріне тілектестігін білдірді.
Биылғы жылы колледжді 355 -ке жуық түлек тәмамдап, 22 маман үздік диплом иегері атанып отыр. Салтанатты кеште түлектер және ата-аналар сөз сөйлеп, колледж басшылығы мен бөлім меңгерушілері құрамы жылы лебізін білдірді. Шара соңы түлектердің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid04drckHqtNFPmeY5WTgdKD2EqupnvqhawrihsUWzWk8Tqc9T8Z9gUwq5b69TrjqUQl&id=100011834766490