
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы колледж!
Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру - қазіргі күннің басты талабы. Осыған орай Кентау копсалалы колледжінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Құқықтық оқу және түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Уәкілетті орган қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір жеке тұлға жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін баса айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

