ТАЗАЛЫҚ-ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан болып жағасын таба береді, ал қоршаған ортаның тазалығы, таза ауа, таза табиғи жаратылыстар адамзат өмірі үшін маңызды.
Тазалық – табалдырықтан басталады» деп отбасындағы ­балаларын айналасын жиып, таза болуға баулиды. Бұл тек отбасы ошақ қасындағы ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Кентау көпсалалы колледжінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылуда.