ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ШЫҢДАУ

Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде даму бағдарламасы, сондай-ақ инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жұмысшы және орта буын мамандарын даярлау қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте колледждердің рөлі артып келеді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жергілікті еңбек нарығына қажетті мамандар даярлап, колледждердің оқытушылық құрамына, колледж базасының материалдық-техникалық жабдықталуына және сапалы білім бағдарламаларына назар аудару керектігін, «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған әр аймақтағы озық тәжірибе жинақтаған оқу орындарының тірек колледжі және құзыреттілік орталық есебінде өзге білім беру мекемелеріне көмек беруге, тәжірибе алмасуға, кәсіпорындардан тәжірибелі мамандарды тарта отырып, маман даярлауға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың тапсырмасымен Түркістан облысы білім басқармасына қарасты: «Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК, «№8 колледжі» МКҚК, «№14 колледжі» МКҚК, «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК, «Д. Құрманбеков атындағы №20 колледж», МКҚК басшылары мен мамандары, арнайы пән оқытушыларымен оқу-өндірістік шеберлері тәжірибе алмасу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Көкшетау, Щучинск қалаларында орналасқан колледждердің базасымен танысып, екі жақты меморандумға қол қойып, ынтымақтастық жолында бірлесіп қызмет атқаруға келісті.
«Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледж" МКҚК басшысы Еслямова Ақнұр Қабиденқызы бастаған ұжым, жылы лебізбен қарсы алып, 5 оқу корпусында орналасқан «Жас маман» жобасы аясындағы және колледждің өз қаржысына алынған заманауи құрылғылармен, оқу зертханаларымен, шеберханаларымен, құзыреттілік орталықтарымен таныстырды.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мамандығы бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде, тұрақты кәсіби өсуге дайын білікті мамандарды даярлап отырған колледждің студенттері мен түлектерінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіптік қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар деңгейін анықтау мақсатында өткізіліп жатқан демонстрациялық емтихандарын көріп тәнті болдық. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету шеберханасында гибридті автомобильдер мен электромобильдердің жұмыс істеу тәртібін үйретуге арналған құрылғылар жол қозғалысын интеллектуалды ұйымдастыруға арналған құрылғылар, оқу стендтері бар, одан бөлек бензин қозғалтқышы бар автомобильдерді жөндеу және диагностикалау, автомобиль жүйелерін симуляциялық сынақ, техникалық жабдықтау, электромобильдер мен гибридті автомобильдерді жөндеу және диагностикалау сияқты зертханалармен таныстық.
Тәжірибе алаңында заманауи электр қозғалтқышы бар электромобиль бар, сол көлікте студенттер қозғалтқыштардың принциптері мен параметрлерімен танысады. Колледж түлектері автокөлік құрастыру зауыттарында, автомобильдерді сату және сервистік қызмет көрсету жөніндегі диллерлік орталықтарда, өнеркәсіптік кәсіпорындардың көлік цехтарында қызмет ете алатыны айдан анық. Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып жүргізілетін зерттеулердің, инженерлік-геодезиялық зерттеулер, түрлі нысандарды жобалау және салу, электромонтаждау жұмыстары және т.б. шеберханалармен танысып жақсы әсер алдық.
Мехатроника, робототехника, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш өңдеу, 500 орындық жатақхана, қазіргі заманғы инфрақұрылым, цифрлық Қазақстан үшін жас бағдарламашыларды даярлау жөніндегі IT – орталықтар, шеберханалар ерекше таңқаларлықтай әсер қалдырды. Республикалық, халықаралық деңгейлерде жеткен жетістіктерімен зор мақтанышпен бөлісті. Еліміздегі цифрландыру және инновациялар нәтижесі көптеген колледждер үшін еліктеуге лайық үлгі болып отыр. Бұл Қазақстанның және жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағымды әсер етеді. Бірлесіп жұмсаған күш-жігерлерінің және керемет көшбасшының арқасында алтын әріппен жазылатын тарихты қолдан жасап отырған колледжге қызығып қарадық.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы, «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» МКҚК басшысы Кожаков Азамат Маратович, «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК басшысы Бичун Галина Викторовна, «Ж.Мусина атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК басшысы Ахат Нұртас Ахатұлы, Щучинск қаласы, «Жоғары техникалық колледжі» МКҚК директоры Рақымжан Әсел Қайроллақызы, «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» МКҚК басшысы Сейткалиева Сайран Омирзаковна сынды еліміздің көшбасшы директорлары өздері жеткен жетістіктерімен бөлісіп, Ақмола облысының колледждерінің техникалық базасымен таныстырып, Түркістан облысының колледждерінен келген педагогтерге тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуына қолдау көрсетті. Әлемдік деңгейдегі сервистер жасауға шабыт бергендеріңіз үшін сіздерге үлкен рақмет! Ел болашағын тәрбиелеудегі ұлы жолдарыңызда баршаңызға қажымас қайрат, жасымас жігер тілейміз!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02vYoAfPTYA1p6vhFmCnkXMqz2Bd7W4cvodFjmKf3EFLfPg9RrjuzYg4fr2mwkLohXl&id=100011834766490