ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Кентау көпсалалы колледжінің жастары қаланың ардақты азаматымен кездесті. Студенттерді Отансүйгіштікке баулу мақсатында және қаланың 67 жылдығына орай ақын, сазгер, зейнеткер ұстаз - Жұпаргүл Бекшораева ханым мен жастар арасында шығармашылық басқосу болып өтті. Колледждің педагог ұйымдастырушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруындағы жиын барысында Жұпаргүл Бекшораеваның мектеп табалдырығынан бастап өлең жазуды бастағаны, қазіргі таңда халық арасында орындалып жүрген өлеңдері туралы айтылды. Сонымен қатар, білім саласында ұстаздық еткен жылдары сөз болды. Сазгерлік қырымен танылған Жұпаргүл апайдың 40-тан астам өлеңдері республикалық, халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жастармен кездесу кезінде автор бірнеше өлеңді орындап берді. Жастарды білімді болуға және елге еңбек етуге шақырды.
#Оқуағартуминистрлігі