ҮЗДІК ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан - Республика күніне орай Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл бойына ерікті болып көзге түскен белсенді жастар марапатталды. Кентау көпсалалы колледжі жанынан құрылған «Мейірім» ерікті жастар клубының жетекшісі А.Тойшиева және белсенді ерікті жастар Ш.Нұрғалиұлы, М.Серікұлы, М.Нұрланқызы, Е.Шерікбайұлы алғыс хат пен естелік сыйлықтарға ие болды. Адамға риясыз қызмет ету арқылы өзін де, өзгені де бақытты еткен волонтерлер – қоғамдағы мейірімділіктің көрінісі. Марапаттарыңыз құтты болсын! Жаңа бастамаларыңызға биік табыстар тілейміз !

#жастар2022
#кентаужастарресурстықорталығы
#Оқуағартуминистрлігі