«WorldSkills Lyon 2024»

2024 жылдың қыркүйегінде Францияда Лион қаласында өтетін 60 құзыреттілік бойынша «WorldSkills Lyon 2024» кәсіби шеберліктің 47-ші әлем чемпионаты. Бүгінгі күні WorldSkills International байқауларында 88 елдің атынан мыңдаған жас мамандар өз білімдері мен дағдыларын көрсетуде.
WSI өз миссиясын көгілдір кәсіптерге назар аудару және жоғары кәсіби стандарттарды дамытуға жағдай жасау деп атайды. Оның негізгі қызметі – 22 жасқа дейінгі жастар арасында түрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. WorldSkills көк жағалы кәсіптердің әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді.
Кентау Көпсалалы
колледжінен халықаралық сарапшы, WorldSkills Kazakhstan 2022 чемпионтаның күміс жүлдегері, оқу өндірістік шебері Утешова А.Қ. «Визуалды мерчандайзинг» құзыреттілік бойынша WorldSkills Lyon 2024 халықаралық чемпионатына дайындық үстінде, қатысушы Фазылова Жасмина WorldSkills Kazakhstan 2023 жеңімпазы.
Чемпионатқа қатысушыларға
Кентау Көпсалалы колледжінің директоры
Шаймерденова Гүлжан Алиқызы сәттілік тілеп,
Халықаралық чемпионатта еліміздің абыройын асқақтата берсін деген игі тілегін жеткізіп, қолдау көрсетті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid05tGCytsZiRCDmWWSwceoqfzFfun1NBhamg4kJNVU8uaj9rfMd2i8jADqm4BVVdX8l&id=100011834766490